Моральдық залалға салық салуға қатысты мәселе.
Жағдай: Кәсіпорын қызметкері осы кәсіпорын аумағында абайсыздықта адамды қағып өлтірген. Сот кәсіпорынның марқұмның туысқанына 2 000 000 теңге моральдық шығынды өтеуі керек деп шешті. Жеке сот орындаушысы аталған кәсіпорынның есеп айырысу шотынан 2 000 000 теңге ұстаған.
Сұрақтар:
1. Салық кодексіне сәйкес моральдық залал өтемінен ЖТС ұсталуы керек. 2 000 000 теңгеден қандай сомада ЖТС ұсталуы керек еді: 200 000 теңге (2 000 000 * 10%) және жәбірленушіге 1 800 000 теңге төленеді немесе керісінше санап 222 222 теңге ұсталып, дәл 2 000 000 тг беру керек болады ма? Немесе моральдық зиян өтемін алушы бүкіл соманы алғандықтан ЖТС-ты өзі төлеуі керек пе?
2. Бұл жағдайда салық декларациясын кім тапсыруы және ЖТС кім көрсетуі керек: жауапкер компания немесе ЖТС ұсталмай сомадан 100% өтемақы алған тұлға?
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы М.Е.Сұлтанғазиевтің 30.06.2020ж. жауабы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) Сіздің ҚР ҚМ МКК Төрағасының блогына түскен сұрағыңызды қарап, келесіні хабарлайды. Шынында да, моральдық залалды өтеу, тиісінше, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағының 42-тармақшасы (25.12.2017 ж. бастап қолданысқа енгiзiлуi туралы 121-VI ҚРЗ) салық салу объектісі болып табылатын жеке тұлғаның кірістерінен алынып тасталмайды. Өз кезегінде, аталған өтемақы төлеген кәсіпорын (Салық кодексінің 321-бабының 17) тармақшасы, 350-бабы) шағымда көрсетілген жағдайда сипатталған моральдық зиянды өтеу жөніндегі салық агенті болып танылады. Осыған байланысты кәсіпорынның қайтыс болған қызметкердің туысқанына моральдық залал төлеуі туысының салық агентінен 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша төлем көзінен ЖТС-ке жататын табысы деп танылады.
Мұндай кірістер мен одан ЖТС сомасы салық агенті-кәсіпорынның жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияда (200.00-нысан) көрсетуіне жатады (Салық кодексінің 355-бабы).
Бұл ретте ЖТС мөлшерін анықтау үшін сот шешімін зерделеу қажет. Егер сот шешімі бойынша моральдық залалды өтеу сомасы 2 000 000 теңгені құраса, серіктестік ЖТС есепке ала отырып кері кірісті есептеуге құқысы жоқ.